Студенттер Республика күнін атап өтті

2025 жылғы 23 қазанда «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ПП-23-01 академиялық тобының студенттері Республика күні қарсаңында қызықты квиз-викторина өткізді. Іс-шараның қонақтары ППт-24-01 және ИЯ-23-01 академиялық топтарының студенттері. Викторина алдында студенттерге мереке тарихы туралы бейнематериал ұсынылды.