А. Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ-дің 30 жылдығына арналған «Алтын күз» байқауы
2025 жылғы 21 қазанда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдығына арналған «Алтын күз» байқауын қорытындылады, байқауға «Қаржы» білім беру бағдарламасының 6 академиялық тобы қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша 1 орынды Қ-23-01 академиялық тобы, 2 орынды Ф-23-01, ҚЭТ-24-01 академиялық топтары, 3 орынды Қ-25-01 академиялық тобы иеленді. Сондай-ақ, Ф-24-01 және ҚЭТ-25-01 академиялық топтары алғыс хаттармен марапатталды.
Барша қатысушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!






