А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты мен Малайзияның Халықаралық мәдени-коммуникациялық орталығы (ICCCM) арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум

2025 жылғы 30 қазанда Connect халықаралық форумы аясында А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты мен Малайзияның Халықаралық мәдени-коммуникациялық орталығы (ICCCM) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатты ЕАГИ ректоры Нығыманова Нұрбану Төкенқызы және ICCCM Басқарушы директоры Лу хуй Энн өз қолдарымен бекітті.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Малайзия арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын дамытуға, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар алмасуының халықаралық бағдарламаларын іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Келісім халықаралық байланысты дамыту және Еуразиялық гуманитарлық институттың әлемдік білім беру аренасындағы ұстанымдарын нығайту жолындағы маңызды қадам болды.