II Стратегиялық серіктестік форумы

А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты 2025 жылғы 30-31 қазан күндері Астана қаласында өткен II Стратегиялық серіктестік форумына қатысты.

Форум Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі маңызды оқиғаға айналып, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорларын, мемлекеттік органдар мен ғылыми қоғамдастық өкілдерін біріктірді. Қатысушылар жоғары білім берудің даму бағыттарын, цифрландыру, инновация және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Форумға ЕАГИ атынан институт ректоры Н.Т. Нығыманова, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры С. А. Есқалиев, тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың м. а. А.Т. Сандыбаева қатысты.

Форум білім мен ғылым саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, халықаралық байланысты кеңейту және озық тәжірибелермен алмасу бағытындағы маңызды алаңға айналды.