«Өмір – менің таңдауым» семинар-тренингі
2025 жылғы 30 қазан күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Өмір – менің таңдауым: мақсаттар мен құндылықтарға жаңа көзқарас» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны педагогика ғылымдарының кандидаты Н.Ж. Болатбекова және психология ғылымдарының кандидаты Н.Д. Унарбекова жүргізді. Семинардың-тренингтің мақсаты – студенттердің өмірге деген құлшынысын арттыру, жеке құндылықтары мен мақсаттарын айқындауға бағыт беру және өмірдің мәнін түсінуге мотивациялық көзқарас қалыптастыру болды.
Тренинг барысында қатысушылар интерактивті жаттығулар орындап, өмірлік құндылықтар мен мақсаттар туралы ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында студенттер рефлексиялық тапсырмалар орындап, өзін-өзі тану мен болашаққа көзқарасын талқылады.




