«Әлеуметтік және этносаралық конфликттерді реттеудегі бітімгершіліктің рөлі» халықаралық ғылыми конференциясы

2025 жылдың 29 қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік және этносаралық конфликттерді реттеудегі бітімгершіліктің рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті.

Аталған шараға А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика және тарих кафедрасының оқытушысы Н.Ж. Болатбекова «Қазақ жастарының толеранттылық тәрбиесіндегі дәстүрлі және заманауи құндылықтар жүйесі» тақырыбында мақаласын ұсынып, конференция жұмысына белсене қатысты.