Ақпарат күндері

2025 жылғы 30-31 қазан күндері институт кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана қызметін пайдаланушылар назарына жаңартылған мектеп бағдарламасына сәйкес практикалық сабақтарға арналған оқулықтар ұсынылды.

№ 22 және № 32 мектептің оқу процесінде қолданыстағы «Көкжиек-Горизонт»,  «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Мектеп»,  «Атамұра» , «Oxford», «Macmilan», «Express Publishing» баспаларынан 85 атаумен жарық көрген қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын тілі пәндері бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған оқулықтар институттың профессорлар-оқутышалар құрамы мен студенттеріне таныстырылды.

Бұндай ақпараттық жұмыстардың білім беру саласы қатысты талдауды жүйелі жүргізуге және студенттердің өндірістік практика барысындағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға септігі зор.