Кітапханашылар күні
2025 жылғы 22 қазан күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында 2022 жылдан бері аталып келе жатқан ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Кітапханашылар күніне орай «Кітапхана – шексіз кеңістік» тақырыбында ауқымды мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды.
Аталған шараға кітапсүйер қауым, журналистика, қазақ тілі және әдебиеті, тарих, педагогика және психология , шетел тілдері және аударма ісі мамандықтары бойынша білім алушы студенттер және арнайы шақырылған қонақтар: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің меңгерушілері мен өкілдері қатысты.
Салтанатты жиын А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ-дің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры С.А. Есқалиевтің кітапхана ісі мен кітап оқу мәдениетінің маңыздылығы, өскелең ұрпақтың цифрлық дәуірдегі білім, ғылымға ұмтылысы, ұлттық мәдениет мен жасанды интеллект туралы алғы сөзімен басталды. Тәрбие ісі жөніндегі проректордың м.а. А.Т. Сандыбаева құттықтау сөзінде кітаптың құдыретіне, оқу мәдениетіне, қазақ тіліне, ұлттық салт-дәстүрімізге тоқталып, әдебиет жанашырларын республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясын қолдауға шақырды. Шара барысында еліміздің дамуына үлес қосып, мәртебесін биікке көтеріп жүрген кітапхана ісінің ардагерлері: мәдениет саласының қайраткері С.Д. Сейдахметова, кітапхана саласының үздігі Ж.К. Айдарбекова, С.Т. Есеркепова, Д.Т. Кнабаева тәжірибесімен, кітапхана саласына қатысты кеңестерімен бөлісті.
«Кітапханашылар гимні» әнінің авторы, ақын, драмматург, жыршы-жырау Баянғали Әлімжанов кітапхана қорына өзінің авторлық туындыларын сыйлады. Кешті институт кітапханасының меңгерушісі Г.Х. Абдигазиева қорытындылап, шараның өтуіне белсенді атсалысқан студенттер А. Сайлауова, Ж. Адильханова, М. Жүніс, К. Капаров, М. Көпжасарова, Д. Кондратенко, Н. Сююмбаеваны институттың ректоры Н.Т. Нығыманованың атынан алғыс хаттармен марапаттады, қатысушыларға сый сияпатын тапсырып, естелік суретке түсіп, кітапхана – кітап әлеміне саяхатқа шақырды.










