«Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» дәрісі

2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының қызметкерлері А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» тақырыбында студенттерге дәріс оқыды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің саяси мәдениетін арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және әділетті қоғам құндылықтарын дәріптеу болды. Спикер әділеттілік тұжырымдамасының тарихи дәстүрлері мен қазіргі заманғы қырларын талдап, қоғамның тұрақты дамуы мен әділеттілік қағидаттарының өзара байланысын ашып көрсетті. Дәріс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.