«Ой-сана» орыс тілі білгірлері байқауы

2016 жылдың 27 сәуірінде Астана қаласы Тілдері дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» атты орыс тілі білгірлерінің байқауы өтті. Еуразия гуманитарлық институтының атынан «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ҚТӘ-3-15 тобының студенті Мыңжасарова Әлия қатысып (топ кураторы п.ғ.к., доцент Нұргүл Хамзаханқызы Шадиева), жүлделі III орынды иеленді.