V Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумы

2016 жылдың 25-26 мамыр күндері Еуразия гуманитарлық институтының бірінші проректоры А.Ж. Исмаилов, тіркеу бөлімінің бастығы Қ.Т. Байжұманова, тәжірибеден өту, кәсіби бағдарлау мен түлектерді жұмыспен қамту секторының меңгерушісі А.Т. Оспанова, кітапхана меңгерушісі С.Б. Хамзина, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.Т. Сандыбаева Назарбаев Университеті негізінде өткізілген «V Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумына» қатысты. Форум барысында жоғары білімдегі қазіргі өзекті мәселелер қызу талқыланып, инновациялық білім беру жүйесі мен инклюзивті оқыту жолдары кеңінен ашылды. Форум аясында жоғары білім беру үдерісін жүргізуге қажетті семинарлар жұмысына қатысқан институт қызметкерлері сертификаттармен марапатталды.