ЕАГИ ректоры 2016 жылдың түлектеріне салтанатты түрде дипломдарды табыс етті

2016 жылғы 21 маусым күні ЕАГИ-дің конференц-залында ЕАГИ ректоры Құсайынов Амангелді Құсайынұлы салтанатты түрде «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қаржы» мамандықтары бойынша күндізгі оқу бөлімінің түлектеріне дипломдарды табыс етті. Өз сөзінде ректор, студенттерді «әріптестер» деп атап, ата-аналары мен студенттерді институтты бітірулерімен құттықтады. Амангелді Құсайынұлы алдағы уақытта өзара көмек көрсетіп, бір-бірін қолдау керектігіне үлкен назар аударды.

Сонымен қатар, түлектерді оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Қадыр Әбілжанұлы, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сарсекеев Бауыржан Сапарұлы, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қоқышева Назерке Мағазқызы, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті, техникалық ғылымдар кандидаты Тажбенова Гүлжан Дальтонқызы құттықтады.

Бітірушілер мен қонақтар ЕАГИ-дің шығармашылық ұжымдарының музыкалдық нөмірлерін тамашалады.  Біз ЕАГИ түлектерін жоғары білім туралы дипломдарын алуларымен құттықтап, оларға болашақ өмірлік жолдарына табыс тілейміз!!!