Дипломдарды табыстау салтанатты рәсімі

2016 жылғы 17 маусымда Еуразия гуманитарлық институтында «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Құқықтану», «Қаржы» білім беру бағдарламалары бойынша сырттай оқу нысанын бітіруші студенттерге диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты жиында түлектерге институт тарапынан бірінші проректор психология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ж.Исмаилов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Сәрсекеев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.В.Волкова құттықтау сөздерін жолдады. Диплом табыстау рәсімін ЖОО-ның Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт толықтыра түсті. Түлектердің атынан үш бітіруші сөйлеп, институт ұжымына, біліммен сусындатқан тәлімгерлеріне үлкен ризашылықтарын білдірді, жоғары оқу орны қабырғасында алған теориялық білімдерін тәжірибеде кеңінен қолданатынын сөз етті.