Заңгерлер мен педагогтарға жоғары білім туралы дипломдар берілді
ЕАГИ 2016 жылғы түлектерді ересектер өмір жолына шығарып салу дәстүрін жалғастыруда. Бұл жолы «Педагогика және психология», «Тарих», «Юриспруденция» мамандықтарының күндізгі оқу бөлімінің түлектеріне салтанатты түрде дипломдар тапсырылды.
Бітірушілер мен олардың ата-аналарын бірінші проректор, психология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ж.Исмаилов құттықтады. Құттықтау сөзінде бірінші проректор бітірушілерге денсаулық, отбасылық бақыт пен еңбек жолында табыс тіледі. Сондай-ақ, түлектерді оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә.Ахметов, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Сәрсекеев, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры Қ.М.Мұқажанов құттықтады.
Диплом табыстау рәсімін институттың Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған мерекелік концерт жалғастырды. «Тарих» мамандығын бітірушілер өз музыкалық әзіл нөмірін педагогика кафедрасының оқытушыларына арнап, ерекше ықыласқа иеленді.
Түлектер институт ұжымы мен өз тәлімгерлеріне үлкен алғыс білдіре отырып, жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін өз кәсіби қызметінде кеңінен пайдалануға уәде берді.