ЕАГИ оқытушылары Қазақстандағы көптілділікті дамыту мәселелерін талқылады
2016 жылғы 20-21 маусымда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың филология факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 20 жылдығына арналған «Қазақстанда көптілділікті дамыту және көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру үрдістері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп, оның жұмысына ЕАГИ-дің шетел тілдері кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты.
Халықаралық конференция жұмысы келесі бағыттарда жүргізілді: «Көптілділікті зерттеудің этномәдени және әлеуметтік-мәдени аспектілері», «Көпмәдени және көптілді білім беру теориясы мен пратикасы», «Салыстырмалы және сапастамалы зерттеулердің өзекті мәселелері», «Аударматанудың қазіргі үрдістері». Секция жұмыстарының барысында «Қазақстан Республикасындағы тілдік саясат», «Әлем мен елдегі уақыт пен кеңістіктегі тіл жағдайы», «Көпмәдени және көптілді білім беру мәселелері, көптілділікті зерттеудің этномәдени және әлеуметтік-мәдени аспектілері» сияқты Қазақстандағы үштілділіктің өзекті мәселелері талқыланды.
Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.