ЕАГИ-де жазғы семестр басталды

Еуразия гуманитарлық институтының студенттері жазғы семестрде өз білімдерін тереңдетеді және қосымша кредиттерді игереді.

«Педагогика және психология», «Құқықтану», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері ЕАГИ-дің педагогика кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі М.К.Тойшибекованың «Инклюзивтік білім беруге психологиялық қолдау көрсету» және ЕАГИ-дің педагогика кафедрасының доценті, әлеуметтік ғылымдар кандидаты К.А. Мухамбетованың «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» курстарына қатысты. ҚазЭҚХСУ-дің әлеуметтік жұмыстар кафедрасының доценті, оқытушы Р.И. Бурганова «Бос уақыттағы әлеуметтік-мәдени қызмет» пәнінен сабақ өткізді.