ЕАГИ-дің ерікті студенттері қарттар күніне дайындалуда
2016 жылдың 20 қыркүйегінен бастап «Асыл жүрек» студенттік клубының еріктілер қатарындағы «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс студенттері «Демеу» жанұялық медицинасының оқу-практикалық орталығының әлеуметтік қызметкерлерімен бірге Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шараға дайындықты бастады. Бұл күннің күнтізбеге БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қарарынан соң енгені және әлемнің барлық жерінде 1 қазан күні тойланатыны бәрімізге белгілі.
ЕАГИ студенттері қарттардың алдында жауапкершіліктерін сезіне отырып, қарияларға көмек көрсетіп, ілтипат білдірді.
Оқытушылардың ойларынша, мұндай әрекет студенттер бойында рухани, адамгершілік қасиеттер мен моральдық құндылықтарды қалыптастырады.