ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ұлттық мұражайға экскурсия
2016 жылдың 21 қыркүйегінде ЕАГИ-дің «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс студенттері кураторлары А.Т. Аязбаевамен бірге, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ұлттық мұражайға барды.
ҚР-ның Ұлттық мұражайына алғаш барған студенттерге керемет фондтар, сирек кездесетін экспозициялар, сонымен бірге мұражайдың жабдықталуы: бугулі экран, медиапол, Астана қаласы орталығының динамикалық макеті, голограммалар, үш тілде ақпарат беретін мультимедиялық гид ерекше әсер етті. Экскурсия барысында студенттер шетелдік қонақтар қатысқан шоу-бағдарламаның қатысушылары болды.
Бұл іс-шарадан студенттер үлкен эстетикалық және мәдени-танымдық әсер алды, ал шетелдік қонақтармен әңгімелесу шетел тілдерін терең меңгеруге ынталарын арттырды.
Мәдениеттің заманауи интеллектуалды мекемесі болып табылатын Ұлттық мұражаймен танысу ЕАГИ студенттері мен еліміздің кез-келген тұрғыны үшін маңызды оқиға болып саналады. Өйткені біздің бірегей өткеніміз және болашағымыздың әлеуеті осында ғана тұтастырылған.