«Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері»
Ақпараттық хабарлама
2016 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзіледi.
Конференцияның мақсаты: қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беру тәжірибелерін қорыту, келешектегі даму бағыттары мен трансформациялануын белгілеу.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
- Педагогика және психология.
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
- Қазақ және орыс филологиясы.
- Шетел филологиясы және аударма ісі.
- Құқықтану.
- Экономика және қаржы.
Материалдар жинағы конференцияға дейін шығарылатын болады.
Конференция материалдарын шығару үшін қатысуға тапсырыс пен баяндама мәтінін 2016 ж. 14 қарашаға дейін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы (ұйымдастыру және баспа шығындарын өтеу үшін) 4000 теңге.
Баяндамаларды ресiмдеу тәртiбi
Мәтiн Microsoft Office Word 2003-те терiлуi тиiс. Баяндамалар үшiн – шрифт Times New Roman, кегль 14, бiр жарым интервал. Мәтiн көлемi А4 форматты парақпен 5 толық бетке дейiн. Шеттерi: сол жағы – 3 см, жоғарғы, төменгi және оң жағы – 2 см;
- парақтың оң жақ жоғарғы бөлiгiнде – Кiшi әрiппен автордың аты-жөнi, ғылыми дәрежесi мен атағы; төменде: қаланың, жұмыс орындалған мекеменiң атауы;
- ортасында: бас әрiппен мақаланың атауы, әрi қарай мәтiн;
- әдеби дереккөздерге сілтемелер мақала соңында беріледі;
- мақала мәтiнiн электронды түрде берулерiңiздi сұраймыз (файл электронды поштамен немесе жұмыс iстеу қабiлетi тексерiлген CD-дискпен және қағаздағы бiр данасымен жiберiлуге тиiс);
- көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрiлiп жiберiлген немесе талаптарға сай ресiмделмеген материалдар қаралмайды және керi қайтарылмайды; ұйымдастыру комитетi мақалаларды iрiктеу құқығын өзiне қалдырады;
- мәтiн автор тарапынан редакциялануы, оқылуы және соңғы бетiне қол қойылуы тиiс.
Материалды мына мекенжайға жiберулерiңiздi сұраймыз:
010009, Астана қ., Жұмабаев көшесi, 4, Еуразия гуманитарлық институты
Конференцияны ұйымдастыру комитетiнiң жауапты хатшысы
Аманжолова Джемма Болатовна
Телефондар: тел./факс 8 (7172) 56-19-33, ұялы 8 775 94 94 94 0
e-mail: konf.eagi2016@gmail.com
Тапсырыста көрсетiледi: Қатысушының аты-жөнi, жұмыс орны, ғылыми дәрежесi мен атағы, секцияның атауы, баяндамасының тақырыбы, байланыс телефондары, e-mail.
Тiркеу жарнасы Астана қаласы «Цеснабанк» АҚ-тың
ИИК KZ39998BTB0000006853 есеп-шотына аударылады,
БИН 990140001808, БИК TSES KZ KA, РНН 620200000084, КБе 17, төлем белгiсiнiң коды 859