ЕАГИ оқытушылары «Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның валютасы» конференциясына қатысты
2016 жылдың 12 қазанында Ұлттық мұражайда Қазақстан Республикасы 25 жылдығына арналған Ұлттық банкі ұйымдастырған «Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның валютасы» конференциясы өтті. Бұл іс-шара қоғам мен жастар арасында ұлттық валютаны өсіруге бағытталды. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Дина Галиева өз баяндамасында ұлттық валютаның тұрақтығы кез-келген елдің нарықтық қарым-қатынасы және экономикалық тәуелсіздігі дамуының негізгі критерийлері болып табылатындығын айтты.
Іс-шараға қоғам қайраткерлері, нумизматтар, отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері, отандық жоғары оқу орындарының оқытушылары (оның ішінде ЕАГИ-дің оқытушылары) бар 300-ге жуық адам қатысты. Олар конференция жұмысы барысында тәуелсіз мемлекеттің даму жолында ұлттық валютаның тарихын, маңызын және рөлін талқылады. Конференция аясында сонымен бірге Қазақстанның экспозициялық банкноты және коллекциялық тиындар көрсетілді.