ЕАГИ студенттері «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойынына қатысты

2016 жылдың 21 қазанында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Бірінші Президент кітапханасының қолдауымен Оқушылар сарайында өткен «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойынына құрамы бес адамнан тұратын Еуразия гуманитарлық институтының командасы қатысты. Бұл іс-шараны Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жетекшісі Р.Туңғышбаев ұйымдастырды.

Ойын олимпиадалық форматта өтті. Қатысушыларға қойылған сұрақтар тақырыптамасы бойынша әртүрлі болды. Саясат, заңтану, тіл, тарих және жалпы білгірлік бойынша сұрақтар қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттері, сыбайлас жемқорлық себептері мен сыбайлас жемқорлықпен күрестің әлемдік үлгілері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Біздің институтымыздың командасы іріктеуден өтіп, жартылай финалда 4-орынды иеленді.

Біздің жанкүйерлеріміз көрермендерге қойылған сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, іс-шараны ұйымдастырушылар оларға сыйлықтар берді.