Еуразия гуманитарлық институтының бірінші курс студенттерін салтанатты түрде студенттер қатарына қабылдау

2016 жылдың 2 қарашасында «Жастар» сарайының концерт залында Еуразия гуманитарлық институтының бірінші курс студенттерін салтанатты түрде студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті.

Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс студенттеріне білімнің жоғары шыңына жетуді, жоспарлардың іске асырылуын және сынақ кітапшаларында үздік бағалардың болуын тіледі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған, республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсында жүлделі орындарға ие болған студенттерге Қадыр Әбілжанұлы дипломдар табыс етті.

ІІ дәрежелі дипломдармен келесі студенттер марапатталды:

Имангалиева Айым Алдабергеновна – «Педагогика және психология» мамандығының студенті. Ғылыми жетекші: аға оқытушы Ж.И. Пахрудинова.

Тулешева Сагира Муратовна – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенті. Ғылыми жетекшілер: доцент А.У. Ильясова, аға оқытушы А.Б. Берлибай.

ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі студенттер марапатталды:

Шагил Нургул Дуйсенбековна – «Тарих» мамандығының студенті. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., профессор А.Ж. Аманбаев;

Салменова Жадыра Куатовна – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті. Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Шормакова А.Б.;

Баширов Нұрбол Каскырбаевич – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент К.М. Байтанасова;

Бейсембенова Айдана Алибековна – «Педагогика және психология» мамандығының студенті. Ғылыми жетекші: аға оқытушы И.А. Тобагабылова;

Батырханова Мейрамгул Насырхановна – «Педагогика және психология» мамандығының студенті. Ғылыми жетекші: аға оқытушы М.К. Тойшыбекова;

Аймагамбетова Мадина Кангереевна – «Педагогика және психология» мамандығының студенті. Ғылыми жетекші: аға оқытушы М.К. Тойшыбекова

Бірінші курс студенттері дәстүр бойынша жоғары курс студенттерінің ақыл-өсиеттерін тыңдап, серт берді.

Институт деканы, ф.ғ.к., доцент Қ.А. Мамаділ білім кілті мен студенттік билеттерді табыс етті. Концерттік бағдарламаның екінші бөлімінде ЕАГИ-дің Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған, жүргізушілердің, әншілердің, ВИА «Goldentime», «Шаттық» би тобының, «Аққу» поэтикалық клубының, қазіргі заман би студиясының, «EAGI life» КТК командасының және т.б. музыкалды, поэтикалық құттықтаулары жолданды.

Бірінші курс студенттері мен залда қатысып отырған ата-аналарды тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова құттықтады.

Ярослава Николаевна Жастар ісі жөніндегі комитетке осындай тамаша мереке ұйымдастырғандары үшін алғыс айтты.

Тағы да бірінші курс студенттерін бүгінгі мерекелерімен құттықтап, оларға денсаулық, бақыт, көтеріңкі көңіл-күй, шығармашылық табыстар, еңбекқорлық және қоғамдық, мәдени, ғылыми өмірде белсенділік тілейміз!