Англияның ұлы ақындары

28 қазанда «Оқытылатын тілдің әдебиеті» және «Англияның ұлы ақындары» пәндері аясында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары С.А. Долдинова мен У.К. Байтуринаның жетекшілігімен ПД-14-01, ПД-14-02 және ИЯ-15-02 топтарының студенттері тематикалық кеш өткізді.

Бұл іс-шара У. Шекспир, Р. Бёрнс и Дж. Байрон сынды англияның ұлы ақындарының шығармашылығына арналды. Студенттер Шекспирдің сонетін орындады және «Ромео мен Джульетта» трагедиясынан үзінді қойып, Роберт Бёрнстың өлеңіне жазылған ән шырқады.

Тематикалық кештің қатысушылары іс-шараның танымды және мазмұнды болғанын атап өтті.