ЕАГИ-де шетел профессоры дәріс оқиды

2016 жылдың 14 қарашасында Еуразия гуманитарлық институтына түбі бір түркі елінен Түркия мемлекетіндегі Қарабюк университетінен доктор PhD, қауымдастырылған профессор Энвер Капаған институт студенттеріне дәріс оқу үшін келді.

Дәріс 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті және 5В011900 – шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтарында оқитын бакалавр студенттеріне «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» мен «Лингвистикалық ілімдер тарихы» пәндерінің аясында «ХХІ ғасырда түркі тілдерін зерттеу тарихы: салыстырмалы-тарихи және типологиялық аспект» тақырыбының аясында оқылады. Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында бұл шара көптеген жұмыстардың бастамасы ден сенеміз. Студенттердің дәріске деген қызығушылықтары бірден байқалып, Энвер мырзаға сұрақтар қойып, дәріс тақырыбын тереңдете түсті.