ЕАГИ Тұңғыш Президент күнін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті
2016 жылдың 30 қарашасында Еуразия гуманитарлық институтында Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.А. Ахметов құттықтау сөз сөйледі. Проректор өз сөзінде Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы біздің мемлекетіміздің қуаттылығының символы болып табылатындығын айтты. Біздің мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алғаннан соң, Қазақстанның ұлы тарихын тек қана әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге білім беру мен ғылымда да жаңа жетістіктермен және табысты жаңашылдықпен жалғастырды. Іс-шара барысында тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова және ЖІК төрағасы Н.Тырнахан Жастар ісі жөніндегі комитеттің көшбасшыларына алғыс хаттар және сертификаттар табыс етті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жолындағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы баяндамасын ф.ғ.д., профессор Т.К. Айтказин оқыды. Іс-шараны ары қарай институтымыздың студенттері шығармашылық нөмірлерімен жалғастырды.