«БИЛЕ, ДЕНСАУЛЫҚ!» би жобасының ІҮ кезеңі жеңімпазды анықтады
11 қарашада Еуразия гуманитарлық институты, Астана қаласы ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Астана қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасы бойынша «БИЛЕ, ДЕНСАУЛЫҚ!» би жобасының ІҮ маусымы басталды.
Үш апта бойына хореограф-студенттер барлық талаптанушыларды түрлі би бағыттарына үйретті. 25 қарашада финал өтті, мұнда институттың барлық кафедраларының командалары «Халық биі» және «Заманауи би» номинацияларында өз шеберліктерін көрсетті.
Жоба нәтижелері бойынша би ұжымдарын ұсынған кафедралар түрлі номинацияларда дипломдарға ие болды. «Үздік заманауи би» номинациясы бойынша педагогика кафедрасы аталып өтілді, «Би алаңының патшасы» болып қазақ және орыс филологиясы кафедрасының командасы танылды, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы «Жыл жаңалығы» номинациясына иеленді, ал «Әсерлі шоу» номинациясы шетел тілдері кафедрасына табысталды. «Жеңімпаздар» кубогі мен номинациясын экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының командасы жеңіп алды.
«БИЛЕ, ДЕНСАУЛЫҚ!» би жобасының ІҮ маусымын ұйымдастырып, өткізгені үшін полиция полковнигі Сергей Сергеевич Ильиных ЕАГИ-дің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Тырнахан Нұргүлге, ЖІК-тің хореографтарына (Кубаш Мадинағы, Артышева Лейлаға, Достанова Дильнараға, Билялова Аруанаға, Сыздықова Меруертке, Медетбеков Қайнарға, Төлегенов Даниярға, Ребковец Иннаға, Қанатова Тәттігүлге, Абусалим Айгерімге), сонымен қатар іс-шараны жүргізушілерге – Ахметов Ирам мен Тұрсынбеков Илиясқа Астана қаласы ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының алғыс хаттарын табыстады.
Астана қаласы Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы Кенебаева Алмагүл Ерсінқызы, ЕАГИ-дің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Оспанова Ярослава Николаевна, «Шалқыма» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Исекеев Абдирасул Нажемеденұлы өз құттықтауларын жолдады.
ЕАГИ-дің би командалары көрермендерге жарқын көрініс пен әсем де әсерлі мереке сыйлады.