Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысу
2016 жылдың 15 желтоқсанында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы барша азаматтарды Тәуелсіздіктің мерейтойымен құттықтады.
Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы тікелей эфирде салтанатты жиынның онлайн трансляциясын көрді. ЕАГИ-дің оқытушылары Президенттің сөзін мұқият тыңдады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Тәуелсіздік кезеңіндегі маңызды жетістіктерге тоқталды: Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы туралы, Қарулы күштердің құрылуы, ел шекарасының белгіленуі, Елорданың көшірілуі, Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы туралы және т.б.
Мемлекет басшысы сөз соңында барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, табыс тіледі және «Мәңгілік ел» идеясының жалпы ұлттық идеяға айналғанын атап өтті. Бүгінгі күні Қазақстан бірыңғай халқы бар әлемдік қауымдастықтың мүшесі болып танылды.
Салтанатты жиында қызметкерлер мен оқытушылар грамоталармен марапатталды.
ЕАГИ ұжымы заманауи қазақстандық көпұлтты қоғамда бейбітшілік және келісім құндылығын бағалап, Мемлекет басшысының интеграциялық бастаманы ұсынуын, оның даналығы мен көрегенділігін жоғары бағалайды.