Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алғашқы алауы Астанада 25 қаңтарда жағылды
28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алғашқы алауы Астанада 25 қаңтарда жағылды. Еуразия гуманитарлық институтының ИЯК-16-01, ИЯК-16-02 тобының студенттері екі кезеңге бөлінген Универсиада алауының эстафетасына қатысты. Бірінші кезең «Назарбаев Университетінен» «Бәйтерек» монументіне дейін, ал екінші кезең «Бәйтерек» монументінен оң жағалаудағы қалалық әкімдікке дейін жалғасты. Эстафетаның жалпы ұзақтығы 12 километрді құрады. 3,5 сағат бойы 60 адам елорданың орталық көшелерімен жүріп өтті. Алау ұстағандардың арасында Астананың әйгілі спортшылары мен қоғам қайраткерлері болды. Қазақстанда Универсиада алауы жалпы 22500 шақырым жолды жүріп өтеді, оның 200 шақырымын алау ұстаушылар алып жүреді. ЕАГИ студенттері бұл іс-шараға үлкен абыроймен қатысып, жағымды да әсерлі эмоциялар алды.