Академик Шахмердан Есенов атындағы шәкіртақы байқауы

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры тағайныдаған жиырма* атаулы шәкіртақыны ұсынуға байқау жариялайды. Шәкіртақының төлену мерзімі 12 ай (2017 ж. сәуірінен 2018 ж. наурызына дейін).

Қазақстан азаматы болып келетін үміткерлер қазақстандық университеттердің 2-3 курс бакалавриат немесе 1-курс магистратураның студенті болуы тиіс.

Байқауға геологиягиялық, техникалық, инженерлік және ІТ мамандықтарында оқып жатқан студенттер қатыса алады:

Байқауға күндізгі бюджеттік және бюджеттік емес оқу бөлімінің білімгерлері қатыса алады.

Ай сайынғы шәкіртақы көлемі — 25 000 теңге. Бағдарлама бойынша шәкіртақының тағайындалуы білімгердің мемлекеттік, соның ішінде ұлғайтылған шәкіртақыны қоса алу құқығын жоймайды.

Шәкіртақы алушыларды іріктеу төмендегі талаптарға сай болған студенттер арасынан өткізіледі:

  • ағымдағы оқу жылында үлгерімі «өте жақсы» бағалардың саны (GPA 3-тен кем болмауы қажет);
  • студенттік ғылыми-техникалық конференцияларға белсенді түрде қатысуы;
  • университеттің/институттың қоғамдық өмірінде белсенді түрде қатысатын білімгерлер,

Студенттердің іріктелуі төменде келтірілген екі тур бойынша Сарапшылар кеңесімен өткізіледі. Сарапшылар кеңесінің шешімін Қордың Қамқоршылар кеңесі тексеріп бекітеді.

Шәкіртақы ізденушісі байқауға қатысу үшін 2017 жылдың 12-наурызына дейін келесі құжаттарды Қордың info@yessenovfoundation.org электрондық поштасына тапсыруы қажет:

  • өтінім, үлгі бойынша (Қор сайтынан yessenovfoundation.org жүктеледі);
  • ғылыми жетекшіңіздің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);
  • «Қазақстанның білім және ғылым салаларына қосатын үлесіңіз қандай болмақшы? Сіз үшін маңыздысы не? Неліктен?» атты тақырыпқа ынталандыру жолданымыңыз (жолданым формасы шектелмеген: аудио, видео, жазбаша);
  • жеке куәлігіңіздің көшірмесі;
  • транскрипт (ортақ балл 3-тен кем емес);
  • магистратура білімгерлері үшін жоғары білімі жөніндегі дипломның көшірмесі (бакалавр, маман).

Байқау 2 (екі) турдан тұрады. Ш.Есенов атындағы шәкіртақының 20 (жиырма) иегерінің тізімі сәуірдің ортасына дейін жарияланады.

Байқауға қатысу үшін өтінімді берумен студент өзінің жеке мәліметтерін өңдеуге келісімін автоматты түрде береді.


*Бағдарлама міндетті түрде ҚазҰТЗУ-дың (Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ) 2 (екі) білімгерінің шәкіртақы алуын ұйғарады. Академик Ш.Есенов дәріс берген, қазірде оның атаулы жұмыс бөлмесі бар университеттің ең үздік 2 білімгерінің шәкіртақы алуына мүмкіндігі болуы тарихи түрде қалыптасқан үрдіс.

Шәкіртақылық байқауы жөнінде ереже