AKIEEF 2017 Шетелдік білім берудің XIII бүкіл қазақстандық көрмесі

2017 жылдың 24 қаңтарында «Педагогика және психология» (ППК-15-02) мамандығының 2-курс студенттері кураторымен бірге, «Globus Education» консультациялық-білімдік агенттігі ұйымдастырған, Шетелдік білім берудің XIII бүкіл қазақстандық көрмесіне (AKIEEF 2017) қатысты. Іс-шара «Radisson» мейманханасында өтті. Оған бес мемлекет елшілігінің өкілдері мен 12 елдің 37 оқу орнының қызметкерлері қатысты.

Студенттер мол қызықты ақпарат алып, семинарға қатысты және шетел қонақтарымен сөйлесіп, шетел тілін оқудың маңызын сезінді.