Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылау
Қазақстан Республикасының елбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БИЛІК ТАРМАҚТАРЫ АРАСЫНДА ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ҚАЙТА БӨЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҮНДЕУІНЕ» орай 2017 жылғы 31 қаңтарда ф.ғ.к., доцент Г.Е. Абылова ҚТӘ-16-01 тобы студенттеріне дөңгелек үстел өткізді. Топ студенттері Президенттің Конституция мен заңдарға енгізетін реформалары, мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша өз ойларын ортаға салып, оң пікірілерін білдірді. Іс-шара тәрбиелік-танымдық деңгейде өткізілді.