Академиялық ұтқырлық үшін алғыс білдіру

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестрлік оқудан соң ИЯК-15-02 тобының студенті Тавылдиева Асыл шетел тілдері кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамына Еуразия гуманитарлық институтында алған сапалы дайындық пен берілген мүмкіндік үшін өз атынан алғыс білдірді. Асыл Тавылдиева: «Еуразия гуманитарлық институтында академиялық ұтқырлық бойынша бірінші семестр бойы білім алдым және өте риза болдым. «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша оқыдым. Оқу жүйесі қатаң, сабақтарды босатуға болмайды. Оқытушылар өте мықты. Сапалы білімнен басқа, белсенді студенттік өмір де бар. Әртүрлі іс-шаралар жиі өткізіледі. Онда студенттердің өздерінің қабілеттерін көрсетуге мүмкіндіктері бар. Жылы шыраймен қабылдаған ЕАГИ-ге алғысымды білдіремін».