ЕАГИ студенттері «Жас Отан» жастар қанаты филиалының өкілдерімен кездесті
2017 жылдың 3 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтында Нұр Отан партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау бойынша кездесу ұйымдастырды және «Жас Отан» жастар қанатының жоспары мен бірнеше жобалар ұсынылды. Талқылауға институттың профессорлар-оқытушылар құрамы қатысты. Талқылауда ЕАГИ-дің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Я.Н. Оспанова сөз сөйлеп, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы М. Болысбековке жемісті еңбек тіледі. М. Болысбеков талқылауға қатысушыларды «Жас Отан» жұмысымен таныстырып, оларды уақыттарын пайдалы өткізуге, Астана қаласының жастар мәслихатында депутаттыққа өз кандидатураларын ұсынуға, «Жас Отан» жастар қанатымен бірге жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Студенттердің жаңа жобаларға қатысуы мынадай мүмкіндіктер бере алады: тәжірибе мен жұмысқа орналасу, ұлттық компанияларда тәжірибемен алмасу, ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесіне өз еркімен қатысу, Астана қаласының жастарын жұмылдыру арқылы көлемді іс-шараларды өткізу. Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Н.Тырнахан өз сөзінде, елдің болашағы – ол біздің жастарымыз, барлық іс-шаралар жастардың күшімен өткізілетіндігін айтты. Кездесу еркін форматта өтті.