«ЕАГИ аруы – 2017» сұлулық байқауына іріктеу
2017 жылғы 7-8 ақпан аралығында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «ЕАГИ аруы – 2017» сұлулық байқауының іріктеуі өтті. Іріктеу кезінде 64 үміткердің ішінен 16 ару таңдалды. Іріктеу барысында үміткерлерге олардың хоббиі, қандай спорт түрімен шұғылданатыны, қандай өнер түрі бойынша шебер екені туралы сауалдар қойылды. Іріктеуден өткен барлық сұлуларымызға алдағы болатын конкурста сәттілік тілейміз.