Қазақ әдеби сынының тарихы: бағыттары мен даму үрдістері
Үстіміздегі жылдың 20 ақпаныңда қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ әдеби сынының тарихы: бағыттары мен даму үрдістері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинарды филология ғылымдарының докторы, профессор Р.С. Тұрысбек өткізді. Семинарға кафедра оқытушылары мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты.