ЕАГИ-де Ш.А. Амонашвилидің ашық дәрісі өтті
2017 жылдың 10 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтында психология ғылымдарының докторы, Ресей Білім беру Академиясының академигі Шалвы Александр Амонашвилидің «Болашақты сүйіңдер – қанат өседі!» педагогикалық оқулары мен «Дәуір және тұлға» ғылыми-әдістемелік семинар аясында «Гуманды педагогиканың тұжырымдамасы» атты ашық дәрісі өтті.
Бірінші проректор, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Исмаилов Амангелді Жақсылықұлы құттықтау сөз сөйледі. Кездесудің шақырылған қонақтары: «Гуманды педагогиканың халықаралық орталығы» қоғамдық ұйымдардың халықаралық қауымдастығының президенті, «Басти-Бубу» балалар көркем студиясының директоры және ғылыми жетекшісі, әлеуметтік ғылымдар кандидаты, психолог Паата Шалвович Амонашвили; филология ғылымдарының докторы, профессор, «Гуманды педагогика» (Астана қ.) Білім беру орталығы директорының орынбасары Нурсулу Жамалбековна Шаймерденова; филология ғылымдарының кандидаты, Т.К. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Мендыганым Джамалбековна Шаймерденова.
Шалва Александрович өз сөзінде Гуманды педагогиканың негізгі принциптері мен әдістемелік амалдарын, Мұғалімнің басты өсиетін атады.
Кездесу соңында «Гуманды педагогиканың халықаралық орталығы» (Мәскеу қ.) қоғамдық ұйымдардың халықаралық қауымдастығы мен Еуразия гуманитарлық институтының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қонақтарға естелікке сыйлықтар табыс етілді.