Еңбек және басқа сала заңдылығы дамуының қазіргі үрдістері: мәселелер, ізденістер және шешімдер
«Еңбек және басқа сала заңдылығы дамуының қазіргі үрдістері: мәселелер, ізденістер және шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасалды.
«Еңбек және басқа сала заңдылығы дамуының қазіргі үрдістері: мәселелер, ізденістер және шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда әлеуметтік ғылымдар магистрі, педагогика кафедрасының аға оқытушысы «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбекпен қамтылу мәселесін әлеуметтік зерттеу» тақырыбында баяндама оқыды.
Конференцияға Ломоносов атындағы ММУ-дің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің, Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақ университетінің (Екатеринбург), Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің (Пятигорск), Белорус мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты. Конференция жоғары деңгейде өтті, мазмұнды пікір-талас болды. Тәжірибемен және пайдалы ақпаратпен алмасуға, білікті және құзыретті мамандардан кеңес алуға мүмкіндік туды. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.