Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау
2017 жылдың 17 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтында профессорлар-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттік белсенділер қатысқан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі болды. Еуразия гуманитарлық институтының бірінші проректоры, психол.ғ.к., профессор А.Ж. Исмаилов құттықтау сөз сөйледі.
Амангелді Жақсылықұлы өз сөзінде мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты қазақстандықтар кең түрде пікір білдіргендігін атап өтті. Президент біздің назарымызды тарихи сананы қалыптастыруға аударады, өйткені онсыз біз мемлекеттің негізін нығайта алмаймыз, өзіміздің жерімізді сақтай алмаймыз. Мақалада мемлекет дамуының жаңа идеологиялық тұғырнамасы болып табылатын бағдарлама ұсынылған. Рухани жаңғырудың барлық алты бағыты бұрында қабылданған ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қолдауға және оларды табысты жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстанның келешектегі дамуының негізгі басымдығы мен бағыты ретіндегі мәдени-адамгершілік құндылықтарды сақтауға және білім беруді жаңғыртуға ерекше назар аударылған. Президент сондай-ақ, құндылықтар жүйесінде білімділік ең маңыздысы болатынын атап өтеді, сонымен қатар білімнің жалпыға ортақ болуы тиіс басымдығының рөлі айтылады.
Проректор Қ.Ә. Ахметов, қатысушылардың алдында сөз сөйлегенде, мемлекет басшысы мақаласының негізгі бағдарларына тоқталды: әлем жаңа тарихи кезеңді бастауда, сондықтан жаңа дәуірден ең жақсысын алып, жаңа жағдайларға назар аудару және бейімделу маңызды болып табылады. Президент айтқан экономикада қойылған міндеттерге жету және даму, ал ең маңыздысы, әрине, қазіргі әлемнің жоғары дамыған алдыңғы қатарлы елдердің санына ену. Ал бұл рухани құндылықтар мен басымдылықтар дұрыс қойылған қоғамда ғана мүмкін болады.
Өз сөздерінде мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры Қ.М. Мұқажанов, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Г.Д. Тажбенова, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Н.М. Қоқышева, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Б.Қ. Абылханова Қазақстанның рухани саласында реформалық жаңашылдықтар болып табылатын Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынып отырған рухани жаңғырудың негізгі бағыттарын – біздің ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін, прагматизмді, ұлттық сәйкестілікті сақтауды, білім басымдығын, Қазақстанның эволюциялық дамуы мен сана-сезімнің ашықтығын қолдады.
Студент белсенділері атынан «Аударма ісі» мамандығының студенті Т.Ерғазиев және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті
Н.Қуанова сөйледі: «Біз, студент жастарының өкілдері ретінде, латын әліпбиіне бірізді және жүйелі көшу біздің еліміздің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін қажет деп санаймыз, өйткені латын әліпбиі қазір барлық әлемде пайдаланылуда». Студенттер үздіксіз білім, өздігінен білім алу мәселелеріне ерекше назар аударды, ол болса, қазіргі еңбек нарығында туындайтын сұраныстарға жауап беруге мүмкіндік береді.
Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласын қолдай отырып, Президент қойған мақсаттарға жету үшін барлық күш-жігерін салады.