1 курс студенттері Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына барды
2025 жылдың 12 наурызында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері заң пәндері кафедрасының аға оқытушылары Н.К. Даурембекова мен Е.К. Даурембекованың сүйемелдеуімен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына барды.
Сот өкілдері соттың қызметі мен функциялары, қылмыстық істерді және сот процесін қарау тәртібі туралы айтып берді, сондай-ақ оларды соттарға жұмысқа қабылдау тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар, студенттер «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің жұмыс принципімен танысты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті, оның барысында студенттер Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы қойылған сұрақтарға толық жауап алды.