1-курс студенттеріне арналған тренинг

25 қыркүйекте 1-курс студенттерінің жаңа өмір жағдайларына бейімделулері бойынша дәстүрлі бағдарлама жүргізілді. «Педагогика және психология» мамандығының 4-курс ерікті студенттері тәрбие ісі жөніндегі проректор, Ярослава Николаевна Оспанованың және психологиялық қызмет жетекшісі, пс.ғ.д., профессор Татьяна Анатольевна Абдрашитованың жетекшілігімен Студенттер үйінде тұратын студенттерге арнап тренинг өткізді. Тренинг бағдарламасы бойынша танысу мен топ тұтастығына байланысты ойындар мен жаттығулар жүргізілді. Мұндай ойындар барлық қатысушылардың көңіл-күйлерін көтерді. Тренингтің мақсатына – топ құра білу, бірінші курс студенттерінің бір-бірімен, жоғары курс студенттерімен танысулары жатты. Іс-шара жоғары әдіснамалық деңгейде өтті. Студенттер өздерінің мансаптық траекторияларын жоспарлады, өмір дағдарыстарынан құтылу жолдарын тыңдады және ойындар ойнады. Қойылған мақсаттар жүзеге асырылғанын атап өту қажет. Ерікті-студенттер семинар-тренингті өткізу кезінде оқытудың белсенді әдістерін қолдана білді. Семинар-тренингті өткізу барысында студенттер «Психологиялық тренингтер мен супервизия», «Педагогикалық қарым-қатынас тренингі» оқу пәндерін игеруден алынған кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды жүзеге асырды. Өздерінің коммуникативтік қабілеттері мен тиімді қатынас дағдыларын қолдана білді.

Бірінші курс студенттері ерікті студенттерге іс-шараның өткізілуіне алғыстарын білдірді және психологиялық мәдениетті арттыратын осындай тренингтердің пайдасын атап өтті.