1 наурыз – Алғыс айту күні
2020 жылғы 27 ақпанда ПМНОК-17-01 тобы студенттерінің қатысуымен Алғыс айту күні мерекесінің аясында Абай еңбектері негізінде ашық тәрбиелік сағаты өткізілді. Мерекелік іс-шараға қонақ ретінде педагогика кафедрасының оқытушылары мен ПМНОК-18-01, ПМНО-18-01, ДОВК-18-01 топтарының студенттері қатысты. Кеш барысында ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл мұрасын насихаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінің тәрбиелік мәніне тоқталды, әсем әндерімен көрермендерді сусындатты. Абайдың өмірінен алынған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы үзіндісінен көрініс қойылды. Абайдың оқудан келгендегі ата-анасымен, ағайын туыстарымен амандасуының тәрбиелік мәнін ашып көрсеткен көрініс көпшіліктің көңілінен шықты.