1 наурыз – Алғыс айту күні
2023 жылдың 1 наурызында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.М. Айтқұлованың басшылығымен Юк-21-01, Юк-21-02 (2-курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) академиялық топтарының студенттерінің қатысуымен «Менің борышым – алғыс айту» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар халық күйлері мен әндерін орындап, ұлттық ойындарға қатысты. Мереке қонақтары – кафедра оқытушылары мен студенттері көркемөнерпаздардың шығармашылық қойылымдарын жылы қарсы алып, Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.