«1 наурыз – Алғыс айту күні» атты кураторлық сағат
2021 жылғы 26 ақпанында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы з.ғ.м., Тортаева А.Э. ЮҚ-20-01 академиялық тобында «1 наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шара онлайн режимде «zoom» бағдарламасында өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу болды.