«1 наурыз – Алғыс айту күні» атты кураторлық сағат

2021 жылғы 26 ақпанында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы з.ғ.м.,  Тортаева  А.Э.  ЮҚ-20-01 академиялық тобында «1 наурыз  – Алғыс айту күні» тақырыбында  кураторлық сағат өткізді. Іс-шара онлайн режимде «zoom» бағдарламасында өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;  ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;  үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту;  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу болды.