«100 Жаңа окулык» кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу

2023 жылғы 28 қыркүйекте А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты кітапханасының оқу залында академиялық топ старосталарының назарына «100 Жаңа окулық» кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу ұсынылды. Онда тіл білімі, әдебиет, философия, экономика, өнер, халықаралық құқық және әлем тарихы бойынша қазақ тіліне аударылған әлемдік әдебиеттер ұсынылды.   Сондай-ақ студенттерге әлемдік әдебиеттің бай мұрасына ашық қол жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.