17 ҚАРАША – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны қақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол студенттік өмірдің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17-қараша – халықаралық студенттер күні! Осындай мерейлі күні Еуразия гуманитарлық институтында мерекелік кеш өтті. Кеш барысында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының белсенді студенттері, Оразов Жомарт, Ермеков Мерболат, Нұртазин Темірлан, Ғалым Қасымхан, Арасанбек Айгерім, Қуанова Набат пен қазақ және орыс филологиясы кафедрасының жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Медетбеков Қайнар алғыс хаттармен марапатталды.