2016 жылдың 4 наурызында ЕАГИ студенттері 8 наурызға арналған мерекелік концерт ұйымдастырды

Концертте ЕАГИ студенттерінің шығармашылық ұжымы әсем жандарды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Мерекелік концертті ЕАГИ проректоры СС. Оспанов ашты. Сұлтанбек Сағымбаевич өз сөзінде барлық әйелдер қауымына денсаулық, амандық және сәттілік тіледі.