2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру
Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, ҚР БҒМ әдістемелік ұсынымдары негізінде, сондай-ақ академиялық күнтізбеге сәйкес ЕАГИ-де көктемгі семестр 2021 жылғы 1 ақпанда басталады және аралас әрі қашықтықтан оқыту форматында өткізілетін болады.
Аралас форматта санитарлық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күндізгі оқу нысанының барлық білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері оқитын болады, бұл ретте дәрістер онлайн режимде өткізіледі, пән форматына байланысты семинарлық және практикалық сабақтар санитарлық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, институттың оқу аудиторияларында күндізгі форматта өткізілетін болады. Бірінші курс студенттері өтініш негізінде санитарлық режимді ескере отырып, институт жатақханасында тұру үшін орындармен қамтамасыз етіледі.
2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде барлық білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс білім алушылары оқуды қашықтықтан жалғастырады.
Бітіруші курстарда (толық оқу нысанында 4-курс және қысқартылған оқыту нысанында 3-курс) көктемгі семестрдегі білім беру үдерісі академиялық күнтізбеге сәйкес жалғасады (өндірістік және дипломалды практиканы ұйымдастыру, өндірістік практика қорытындылары бойынша конференциялар, қорытынды аттестаттауды өткізу). Өндірістік практика негізінен қашықтық форматта ұйымдастырылатын болады. Практика базаларының бағытына байланысты кәсіптік практиканы дәстүрлі немесе аралас форматта жүргізуге болады.