2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінің басталуы

Еуразия гуманитарлық институтында академиялық күнтізбеге сәйкес 1 ақпаннан бастап 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінің сабақтары басталды.

Күндізгі оқу бөлімінің бірінші курс студенттері аралас формата оқиды. 1-курс студенттеріне арналған дәрістер онлайн-режимде OES білім беру платформасында өткізіледі. Семинарлық және практикалық сабақтар санитарлық режим мен әлеуметтік қашықтық сақтала отырып, институттың оқу аудиторияларында өткізіліп жатыр.

2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде барлық білім беру бағдарламалары мен оқыту нысандарының 2-ші және 3-ші курстары оқуды қашықтықтан жалғастырды.

Бітіруші курстарда (толық оқу нысанында 4-курс және қысқартылған оқыту нысанында 3-курс) көктемгі семестрдегі білім беру үдерісі академиялық күнтізбеге сәйкес жалғасады (өндірістік және диплом алды практиканы ұйымдастыру, өндірістік практика қорытындылары бойынша конференциялар, қорытынды аттестаттауды өткізу).