2020 жылғы түлектерге салтанатты онлайн диплом беру рәсімі
9 – 10 шілде аралығында Еуразия гуманитарлық институтында 2020 жылғы түлектерге онлайн диплом тапсыру рәсімі өтті.
Түлектер мен ата-аналарын бірінші проректор, психология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ж. Исмаилов құттықтады. Бірінші проректор өз сөзінде түлектерге денсаулық, еңбекте табыс және отбасылық бақыт тіледі. Сонымен қатар кешегі студенттерді оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Х.Ә. Әбішев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Л.В. Волкова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагогика кафедрасының меңгерушісі Б.С. Сәрсекеев құттықтады. «Құқықтану» мамандығының түлектері – оқу озаты Шағалимова Шасалим және Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері Маденова Альбина; «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі – оқу озаты, қалалық және республикалық ғылыми конференциялар мен олимпиадалардың жүлдегері, Жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенді мүшесі Қосылбекова Ақмарал; «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлегі – оқу озаты, Еуразия гуманитарлық институтында өткен 2020 жылғы студенттер мен магистранттардың республикалық конференциясының 1 дәрежелі диплом иегері Рыжко Ольга алғыс сөздерін айтты. Түлектер институт ұжымына, сондай-ақ тәлімгерлеріне үлкен алғыстарын білдіріп, ЖОО қабырғасында алған теориялық білімдерін өздерінің кәсіби қызметінде кеңінен қолдануға уәде берді.
Сәт сапар, 2020 жылғы түлектер!